
Судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханның аясында 2024 жылдың 13-16 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заңнаманы білуіне арналған компьютерлік тестілеу өткізіледі. Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты, байланыс нөмірі:
74-95-42, + 7 778 290 48 14.
Компьютерлік тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттар а.ж. сол күндері 13-16 қаңтар аралығында эссе жазуға және кейс тапсырмаларын орындауға шақырылады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты (Бейбітшілік к/сі жағынан).
Кандидаттар а.ж. 8 қаңтарға дейін емтиханға қатысу туралы растауды 74-95-42 телефон нөміріне немесе k.asylbekova@vss.gov.kz электронды поштаға хабарлау қажет.
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат