
Судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханның аясында 2024 жылдың 22-26 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заңнаманы білуіне арналған компьютерлік тестілеу өткізіледі. Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты, байланыс нөмірі: 74-90-44, + 7 707 375 71 79.
Компьютерлік тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттар а.ж. сол күндері 22-26 шілде аралығында эссе жазуға және кейс тапсырмаларын орындауға шақырылады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты.
Кандидаттар а.ж. 19 шілдеге дейін емтиханға қатысу туралы растауды 74-90-44 телефон нөміріне, немесе s.salimzhanova@vss.gov.kz электронды поштаға хабарлау тиіс.
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат