мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Ұлан ауданының жер қатынастары саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
Бөлім құзыреті шеңберінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2026 жылы бөліммен барлығы 848 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, оның ішінде: мақұлданды -421, бас тартылды -22;
cауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу, оның ішінде: мақұлданды -102; бас тартылды -228;
іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, оның ішінде: мақұлданды -4, бас тартылды -0;
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, оның ішінде: мақұлданды – 58, бас тартылды -1;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, оның ішінде: мақұлданды -9; бас тартылды -0;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау: мақұлданды -3; бас тартылды -0;
жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту-0.
Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" қызметі болып табылады.
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" қызметі бойынша 443 өтінім (жеке тұлғалардан 377 өтінім, заңды тұлғалардан 66 өтінім);
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" қызметі бойынша 330 өтінім (жеке тұлғалардан 307 өтінім, заңды тұлғалардан 23 өтінім);
"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" 4 өтінім (жеке тұлғалардан 0 өтінім, заңды тұлғалардан 4 өтінім);
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" 59 өтінім (жеке тұлғалардан 52 өтінім, заңды тұлғалардан 7 өтінім);
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" 9 өтінім (жеке тұлғалардан 0 өтінім, заңды тұлғалардан 9 өтінім).
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ереже бекітілді.
2026 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.