Ауданның жер қорының құрылымы
Ұлан ауданының аумағы 962,5 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 603,1 мың га;
елді мекендердің жерлері – 76,6 мың. га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері – 7,4 мың. га;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлері - 0,091 мың га;
орман қорының жерлері-129,6 мың га;
су қорының жерлері – 15,7 мың га;
босалқы жері - 121,1 мың га.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары 567,5 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 130,8 мың га, тыңайған жерлер – 7,3 мың га, шабындықтар – 33,8 мың га, жайылымдар – 395,6 мың га.
Босалқы жерлер санатында 121,1 мың га, оның ішінде: тыңайған жерлер – 2,1 мың га, шабындықтар – 27,0 мың га, жайылымдар – 64,6 мың га бар.
Суармалы жерлердің ауданы 11,1 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 9,5 мың га, тыңайған жер – 1,1 мың га, шабындық – 0,1 мың га, жайылым – 0,4 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлер – 9,4 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 9,4 мың га.
Босалқы жерлер санатында 1,4 мың га суармалы жер бар, оның ішінде: тыңайған жерлер – 0,9 мың га, шабындықтар – 0,1 мың га, жайылымдар – 0,4 мың га.
Азаматтардың өтініштерін қарау
2022 жылғы кезеңде жер қатынастары бөлімімен азаматтардың 28 өтініші қаралды. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 24-на жазбаша түсініктеме берілді, 3 өтініш тоқтатылды, 1 өтініш басқа мемлекеттік органга қарауға жіберілді.
Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамада түсіндірілген жазбаша жауаптар жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
2022 жылдың өткен кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 1049 құрайды, оның ішінде:
Аудандық жер комиссиясының отырыстарын өткізу
2022 жылы аудандық жер комиссиясының 8 отырысы өткізіліп, онда жер учаскелеріне құқық беру, нысаналы мақсатын өзгерту және т. б. туралы азаматтардың 382 өтініші қаралды.
Жер комиссиясының қарау қорытындысы бойынша 299 оң шешім қабылданды, 83 өтініш бойынша бас тартылды. Жер учаскелеріне құқық беруден бас тартудың негізгі себептері өтініш берушілердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, сондай-ақ жер заңнамасының нормаларына сәйкес берілуі тек сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылатын жер учаскелерін сұрау болып табылады.
Бюджетке түсетін түсімдер
Бүгінгі күні жер пайдаланушылармен жалпы сомасы 1685,382 мың теңгеге 11 сатып алу-сату шарттары және 230 жалдау шарттары жасалды. Сонымен қатар, бүгінгі күні жер пайдаланушылармен жалпы сомасы 302,031 мың теңгеге 22 жалдау құқығын сатып алу шарттары жасалды.
Жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту
2022 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін және шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша 1 қайталама конкурс өткізілді. Конкурс қорытындылары бойынша жалпы ауданы 306,0156 га 5 жер учаскесі берілді, конкурстық өтінімдердің болмауы себебінен жалпы ауданы 3,2 га 1 жер учаскесі іске асырылмады.
Жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін 880,193 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер берілді.
Жерді мемлекеттік меншікке қайтару
Ұлан ауданы бойынша 2022 жылдың басынан бастап босалқы жер санатына жалпы ауданы 1054,8433 га болатын 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі ауыстырылды. Жер учаскесі жер пайдаланушылардың жерге деген өз құқықтарынан ерікті түрде бас тартуына байланысты жер учаскелеріне ауыстырылды.
ҚР Жер кодексінің 82-бабы негізінде, учаскеге берілген мерзім аяқталғаннан кейін жалпы ауданы 4939,4763 га болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 62 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Пайдаланылмайтын жерлерді анықтау
Qoldau.kz (Қолдау.кз) порталдың көмегімен жайылымдық жерлердің ұтымсыз пайдаланылуына мониторинг жүргізілді. Ауыл шаруашылығы жануарлары жоқ жерпайдаланушылар бойынша тиісті тексерулер жүргізу үшін 14,8 мың га жайылымды ұтымсыз пайдалану туралы 74 акт жасалды, 1,8 мың га жайылымды ұтымсыз пайдалану туралы 5 акт қосымша жолданды.
Геосервисте zher.gharysh.kz (ЖерҒарыш.кз) егістік жерлерді пайдалануға космомониторинг жүргізілді. 10 мың гектар жерге одан әрі тексеру жүргізу үшін талдау жүргізілуде.
Ұлан ауданының жер қатынастары
бөлімінің басшысы С. Оразханов
Келісілді:
Әкімнің орынбасары Р. Болатқан