Шемонаиха ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы

Жастар ресурстық орталығы қызметінің мәні:

• Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
• Жастар ұйымдары мен жастарға құқықтық, консалтинг, әдістемелік көмек көрсетеді;
• Жастар арасында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді;
• Жастардың қажеттіліктері мен проблемалары бойынша мәліметтер жинауға, олардың басымдылығын анықтауға қатысады;
• Жастардың бос уақытын дамытуға жәрдемдесу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді;
• Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ұсынымдарды, жобаларды, шаралар жүйесін зерделейді және әзірлеуге қатысады.

"Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы