Самар ауданының 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 қыркүйегіне ауданның халық саны – 11 572 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айында нақты бағада 5 804,0 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 4 831,2 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 656,9 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 601,8 млн. теңге құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2024 жылдың қаңтар – қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 8 374,2 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 2 524 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 2 458 шаршы метр құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2024 жылдың қаңтар – қыркүйек айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 2 963,5 тонна (101,0%), сүт 4 032,5 тонна (101,7%), тауық жұмыртқасы – 4 231,0 мың бірлік (95,2%).
2024 жылдың 1 қазанына ірі қара мал саны 13 667 бірлік құрады, сиырдың басы 7178, қой мен ешкі саны 36 917, шошқа 294, жылқы басы 12 425және құс басы 25814.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 64 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 49.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2024 жылдың қыркүйек айында 59 542 теңгені құрады.