Самар ауданының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Самар ауданының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдағы 1 маусымға ауданның халық саны – 11 076 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қаңтар-маусым айында нақты бағада 3 217,3 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 55,9 % құрады, өңдеуші өнеркәсібі 78,6 %, азық түлік өнімдерін өндіру 81,2 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2026 жылдың қаңтар-маусым айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 7 688,3 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 167,6 % құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 1648,9 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2026 жылдың қаңтар-маусым айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 2 067,8 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 103,9 %-ды) құрады,
2 912,1 тонна (107,2 %) - сүт өндірісі.
2 732,4 мың дана (103,2 %) – жұмыртқа.
2026 жылдың маусым айында Ірі қара мал саны 99,9 % төменбдеді, оның ішінде сиырдың басы 96,5 % төмендеді, қой мен ешкі саны 92,3 %, жылқы басы 98,1 % төмендеді, құс басы
128,8 % құрады.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 94 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 81.