Самар ауданының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдағы 1 қыркүйекке ауданның халық саны – 11 063 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айында нақты бағада 5 036,7 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 60,1 % құрады, өңдеуші өнеркәсібі 66,0 %, азық түлік өнімдерін өндіру 68,4 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2026 жылдың қаңтар- қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 14 395,9 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 181,1 % құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 2 501,1 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2026 жылдың қаңтар- қыркүйек айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 3 160,5 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 103,5 %-ды) құрады,
4 551,0 тонна (104,7 %) - сүт өндірісі.
4 569,5 мың дана (113,0 %) – жұмыртқа.
2026 жылдың қыркүйек айында Ірі қара мал саны 97,7 % төменбдеді, оның ішінде сиырдың басы 94,3 % төмендеді, қой мен ешкі саны 91,9 %, жылқы басы 97,3 % төмендеді, құс басы
128,8 % құрады.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 96 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 83.
www.stat.gov.kz / Хабар
|
Орындаушы: Сақуанова Г.С. Тел. +7 (777) 849-20-93 |
Самар ауданының Статистика басқармасының басшысы: Сақуанова Г.С. Тел. +7 (777) 849-20-93 |
Мекенжай: Горохова, 56 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы