Самар ауданының 2024 жылғы қаңтар-мамырының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 мамырына ауданның халық саны – 11 669 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2024 жылдың қаңтар-мамыр айында нақты бағада 2 000,2 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 1 518,0 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 289,7 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 269,5 млн. теңге құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2024 жылдың қаңтар – мамыр айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 1 976,6 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 1 200 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 1 001 шаршы метр құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2024 жылдың қаңтар – мамыр айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 1 725,5 тонна (101,2%), сүт 4 780,2 тонна (100,4%), тауық жұмыртқасы – 1 892,4 мың бірлік (100,2%).
2024 жылдың 1 маусымына ірі қара мал саны 18 548 бірлік құрады, сиырдың басы 8498, қой мен ешкі саны 36 558, шошқа 463, жылқы басы 11 770 және құс басы 25801.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 70 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 58.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2024 жылдың мамыр айында 51 820 теңгені құрады.