Самар ауданының 2024 жылғы қаңтар-ақпанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Самар ауданының 2024 жылғы қаңтар-ақпанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 ақпанына ауданның халық саны – 11 677 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2024 жылдың қаңтар-ақпан айында нақты бағада 154,1 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 7,5 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 67,8  млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі  59,7  млн. теңге құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2024 жылдың қаңтар - ақпан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 165,5 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 503 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 482 шаршы метр құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2024 жылдың қаңтар - ақпан айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 716,0 тонна (101,3%), сүт 1 489,9 тонна (101,1%), тауық жұмыртқасы – 523,2 мың бірлік (100,5%).

2024 жылдың 1 наурызына ірі қара мал саны 15 123 бірлік құрады, сиырдың басы 8498, қой мен ешкі саны 29763, шошқа 335, жылқы басы 11520 және құс басы 25801.

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 70 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 57.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2024 жылдың ақпан айында 50 080 теңгені құрады.