Дауылды ескерту АГҚ № 9 18.03.2024 ж.

19 наурызда күндіз Абай облысының шығыс, орталық аудандарында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, шығыс, орталық аудандарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), 20 наурызда облыстардың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, сондай-ақ күндізгі, түнгі ауа температурасының жоғарлауы болжанады.
Осыған байланысты Абай және Шығыс Қазақстан облысың аумағында қардың қарқынды еруі, еріген қар суы мен бүйірлік ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: Су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының төмен бөлігінде сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Директор                                                        Л. Болатқан

Қызмет бағыты