Самар ауданының 2024 жылғы қаңтарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Самар ауданының 2024 жылғы қаңтарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 11 666 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2024 жылдың қаңтар айында нақты бағада 64,9 млн. теңге құрады. Өндіріс өнеркәсібінде 26,8 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 26,0 млн. теңге құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2024 жылдың қаңтар айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 66,7 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 303 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 220 шаршы метр құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2024 жылдың қаңтар айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 138,3 тонна (94,5%), сүт 643,0 тонна (100,0%), тауық жұмыртқасы – 260,3 мың бірлік (100,0%).

2024 жылдың 1 ақпанына ірі қара мал саны 15 845 бірлік құрады, сиырдың басы 8498, қой мен ешкі саны 27316, шошқа 322, жылқы басы 11962 және құс басы 25801.

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 69 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 56.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2024 жылдың қаңтар айында 49 864 теңгені құрады.