Самар ауданының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 желтоқсанына ауданның халық саны – 11 709 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айында нақты бағада 6 675,4 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 5 563,2 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 758,5 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 749,9 млн. теңге құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2023 жылдың қаңтар- желтоқсан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 5 782,7 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 5 086 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 3 200 шаршы метр құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 2 022,4 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2023 жылдың қаңтар - желтоқсан айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 5 700,6 тонна (93,1%), сүт 19 692,2 тонна (101,9%), тауық жұмыртқасы – 6 405,1 мың бірлік (99,4%).
2023 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны 14 394 бірлік құрады, сиырдың басы 9394, қой мен ешкі саны 28120, шошқа 377, жылқы басы 9436 және құс басы 27820.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 70 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 57.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2023 жылдың желтоқсан айында 49 764 теңгені құрады.