Самар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді

Самар аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері Самар ауданының әлеуметтік қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Қызылшаның алдын алу бойынша ақпараттық блокты эпидемиолог Н.Г.Жадрина ұсынды. Дәрігер аурудың клиникалық көрінісін, инфекцияның таралу жолдарын, қызылшаның асқынуларын жан-жақты қарастырды. Нәркес Ғасырбекқызы қызылшаның алдын алуда ең бастысы жоспарлы түрде 12-15 айда, ал 6 жаста қайта егу екенін тыңдаушылардың назарына аударды.
Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай кезінде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.
Жатыр мойны обырының және сүт безі обырының алдын алу аясында онкологиялық кабинеттің медицина қызметкері Т.В.Шаповалова сөз сөйледі. Татьяна Викторовна кездесуге қатысушылардың назарын скринингтік тексерулердің уақытылы аяқталуына аударды.
Қазақстанда жатыр мойны обырының скринингі 2008 жылдан бастап симптомсыз қатерлі ісік ауруын белсенді ерте анықтау және оны кейіннен емдеу мақсатында енгізілді.
Мақсатты топ – 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда бір рет (цитологиялық зерттеуге жағынды алу арқылы); жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмаған.
40 жастан бастап 70 жасқа дейін екі жылда бір рет сүт бездерін тексеру.
Медицина қызметкерлері әлеуметтік қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Құрметті тұрғындар, өз денсаулығыңызға уақыт табыңыз – бұл өмірдің бірден-бір байлығы!