Самар ауданының 2023 жылғы қаңтар-қазан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 қазанына ауданның халық саны – 11 934 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-қазан айында нақты бағада 5 566,5 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 4 668,1 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 599,8 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 592,7 млн. теңге құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар- қазан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 611,9 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 3 097 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 2 686 шаршы метр құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 537,1 млн. теңгені құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2023 жылдың қаңтар-қазан айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 3 354,3 тонна (103,5%), сүт 17 836,0 тонна (102,1%), тауық жұмыртқасы – 5 298,1 мың бірлік (99,7%).

2023 жылдың 1 қарашасына ірі қара мал саны 18178 бірлік құрады (94 % тиісті кезеңдегі 2022 жылға), сиырдың басы 9394 (100,7 %), қой мен ешкі саны 33219 (101,7 %), шошқа 493 (77,3 %), жылқы басы 10176 (105,2 %) және құс басы 29305 (84,7 %).

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 70 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 57.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2023 жылдың қазан айында 57 367 теңгені құрады.