Самар ауданының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Самар ауданының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне ауданның халық саны – 11 725 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айында нақты бағада 4 937,0 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 4 106,4 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 565,2 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 558,8 млн. теңге құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2023 жылдың қаңтар- қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 3 824,5 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 2 458 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 2 404 шаршы метр құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 319,3 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 3 140,1 тонна (103,7%), сүт 16 515,0 тонна (102,1%), тауық жұмыртқасы – 4 794,1 мың бірлік (99,6%).
2023 жылдың 1 қазанына ірі қара мал саны 18114 бірлік құрады (93,4 % тиісті кезеңдегі 2022 жылға), сиырдың басы 9394 (100,7 %), қой мен ешкі саны 33243 (101,7 %), шошқа 524 (78,4 %), жылқы басы 10719 (104,9 %) және құс басы 29305 (84,7 %).
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 70 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 56.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2023 жылдың қыркүйек айында 57 633 теңгені құрады.
www.stat.gov.kz / Хабар
|
Орындаушы: Нұрғожин Р.А. Тел. +7 (705) 662-49-85 |
Самар ауданының Статистика басқармасының басшысы: Нұрғожин Р.А. Тел. +7 (705) 662-49-85 |
Мекенжай: Горохова, 56 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы