Баспасөз хабарламасы № 3 2023 жылғы 18 қыркүйек

Самар ауданының 2023 жылғы  қаңтар-тамыз

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 тамызына ауданның халық саны – 11 735 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-тамыз айында нақты бағада 4 070,6 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 3 307,6 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 530,6 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 524,9 млн. теңге құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар-тамыз айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға                 3 073,3 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 1 701 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 1 683 шаршы метр құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 080,2 млн. теңгені құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша                 ет 3 060,0 тонна (103,7%), сүт 14 250,4 тонна (102,2%), тауық жұмыртқасы – 4 278,1 мың бірлік (99,3%).

2023 жылдың 1 қыркүйегіне Ірі қара мал саны 18088 бірлік құрады (92,6 % тиісті кезеңдегі 2022 жылға), сиырдың басы 9394 (100,8 %), қой мен ешкі саны 33270 (101,4 %), шошқа 524 (78,4 %), жылқы басы 10710 (104,3 %) және құс басы 29305 (84,7 %).

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 68 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 54.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2023 жылдың тамыз айында 58 495 теңгені құрады.

                                                                           

www.stat.gov.kz / Хабар

 

Орындаушы:

Нұрғожин Р.А.

Тел. +7 (705) 662-49-85

Самар ауданының Статистика басқармасының басшысы:

Нұрғожин Р.А.

Тел. +7 (705) 662-49-85

Мекенжай:

Горохова, 56

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы