Самар ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Самар ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 шілдесіне ауданның халық саны – 11 774 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-шілде айында нақты бағада 3 535,7 млн. теңге құрады. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу 2 839,1 млн. теңге құрады, өндіріс өнеркәсібінде 496,0 млн. теңге, азық түлік өнімдерін өндіруі 491,0 млн. теңге құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2023 жылдың қаңтар-шілде айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 2 156,5 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйді енгізу 1 551 шаршы метр құрады. Тиісті кезеңіндегі өткен жылда 1 472 шаршы метр құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 777,6 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2023 жылдың қаңтар-шілде айында ауыл шаруашылығының өнімі бойынша ет 2 567,0 тонна (103,8%), сүт 12 619,8 тонна (102,2%), тауық жұмыртқасы – 3 811,1 мың бірлік (101,3%).
2023 жылдың 1 тамызына Ірі қара мал саны 19098 бірлік құрады (93 % тиісті кезеңдегі 2022 жылға), сиырдың басы 9384 (100,7 %), қой мен ешкі саны 33484 (101,4 %), шошқа 524 (78,4 %), жылқы басы 11062 (104,2 %) және құс басы 29305 (84,7 %).
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 67 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 53.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2023 жылдың шілде айында 53 202 теңгені құрады.
www.stat.gov.kz / Хабар
| Орындаушы:Нұрғожин Р.А.Тел. +7 (705) 662-49-85 | Самар ауданының Статистика басқармасының басшысы:Нұрғожин Р.А.Тел. +7 (705) 662-49-85 | Мекенжай:Горохова, 56 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы