Самар ауданының 2026 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Самар ауданының 2026 жылғы қаңтардағы  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдағы 1 қаңтарға ауданның халық саны – 11 363 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қаңтар айында нақты бағада 192,3 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 47,3 % құрады, өңдеуші  өнеркәсібі  100,0 %, азық түлік өнімдерін өндіру  100,0 % құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2026 жылдың қаңтар айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 239,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 103,7 % өсті. Орындалған құрылыс жұмыстары 50,0 млн. теңгені құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2026 жылдың қаңтар айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 117,7 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 98,8 %-ды) құрады,

203,3 тонна (103,3 %) - сүт өндірісі.

243,7  мың дана (99,1 %) – жұмыртқа.

2026 жылдың қаңтар айында  Ірі қара мал саны  97,7 % төменбдеді, оның ішінде сиырдың басы 95,8 % төмендеді, қой мен ешкі саны 100,1 %, жылқы басы  91,4 % төмендеді, құс  басы

94,7 %  құрады.

2026 жылдың қаңтар айында орташа еңбек ақы мөлшері 455 802 теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 137,9 %-ға төмендеді.

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 84 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 71.

Қызмет бағыты