Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдағы 1 қыркүйекке ауданның халық саны – 11 151 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар- қазан айында нақты бағада 6 257,4 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 86,4 % құрады, тау-кен өнеркәсібі 82,9 %, өңдеуші өнеркәсібі 201,0 %, азық түлік өнімдерін өндіру 203,6 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2025 жылдың қаңтар - қазан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 8 584,6 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 80,5 % төмендеді. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 121,9 % көбейді. Орындалған құрылыс жұмыстары 3 929 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2025 жылдың қаңтар - қазан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 3 321,7 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,1 %-ды) құрады,
5 397,6 тонна (106,6 %) - сүт өндірісі.
4 511,1 мың дана (96,3%) – жұмыртқа.
2025 жылдың қазан айында Ірі қара мал саны 129,6 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 141,5% көбейді, қой мен ешкі саны 98,8 %, жылқы басы 86,7 % төмендеді, құс басы 95,9 % құрады.
2025 жылдың қазан айында орташа еңбек ақы мөлшері 455 802 теңгені құрады,
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 137,9 %-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 78 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 65.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың қазан айында
64 753 теңгені құрады.