Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдағы 1 қыркүйекке ауданның халық саны – 11 192 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар- қыркүйек айында нақты бағада 5 349,7 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 81,2 % құрады, тау-кен өнеркәсібі 75,5 %, өңдеуші өнеркәсібі 251,87 %, азық түлік өнімдерін өндіру 261,6 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 7 355,7 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 83,0 % төмендеді. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 102,6 % көбейді. Орындалған құрылыс жұмыстары 5 494,7 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 3 055,0 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,1 %-ды) құрады,
4 346,2 тонна (107,8 %) - сүт өндірісі.
4 044,1 мың дана (95,6 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың қыркүйек айында Ірі қара мал саны 129,5 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 144,3 % көбейді, қой мен ешкі саны 98,7 %, жылқы басы 87,4 % төмендеді, құс басы 95,9 % құрады.
2025 жылдың қыркүйек айында орташа еңбек ақы мөлшері 438 110 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,0 %-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 76 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 63.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың тамыз айында
65 129 теңгені құрады.