Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдағы 1 тамызға ауданның халық саны – 11 251 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар- тамыз айында нақты бағада 4 550,6 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 143,0 % құрады, тау-кен өнеркәсібі 151,1 %, өңдеуші өнеркәсібі 275,7 %, азық түлік өнімдерін өндіру 289,2 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2025 жылдың қаңтар - тамыз айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 6 325,7 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 86,4 % төмендеді. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 116,2 % көбейді. Орындалған құрылыс жұмыстары 3 382,4 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың қаңтар - тамыз айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 2 983,1 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,4 %-ды) құрады,
3 769,3 тонна (108,6 %) - сүт өндірісі.
3 634,1 мың дана (94,7 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың тамыз айында Ірі қара мал саны 131,0 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 144,3 % көбейді, қой мен ешкі саны 100,8 %, жылқы басы 89,2 % төмендеді, құс басы 95,9 % құрады.
2025 жылдың тамыз айында орташа еңбек ақы мөлшері 438 110 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,0 %-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 76 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 67.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың тамыз айында
66 636 теңгені құрады.