Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-шілдедегі
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдағы 1 шілдеге ауданның халық саны – 11 282 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар- шілде айында нақты бағада 4 021,0 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 95,3 % құрады, тау-кен өнеркәсібі 87,1 %, өңдеуші өнеркәсібі 265,6 %, азық түлік өнімдерін өндіру 297,1 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2025 жылдың қаңтар - шілде айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 5 092,6 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 82,6 % төмендеді. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 104,9 % көбейді. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 675,0 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың қаңтар - шілде айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 2 570,5 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,6 %-ды) құрады,
3 347,2 тонна (109,3 %) - сүт өндірісі.
3 172,1 мың дана (93,7 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың шілде айында Ірі қара мал саны 124,7 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 144,3 % көбейді, қой мен ешкі саны 100,4 %, жылқы басы 89,5 % төмендеді, құс басы 95,9 % құрады.
2025 жылдың шілде айында орташа еңбек ақы мөлшері 438 110 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,0 %-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 73 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 60.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың шілде айында
62 653 теңгені құрады.