Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдағы 1 маусымға ауданның халық саны – 11 304 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар- маусым айында нақты бағада 3639,3 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 120,1 % құрады, тау-кен өнеркәсібі 108,3 %, өңдеуші өнеркәсібі 292,8 %, азық түлік өнімдерін өндіру 302,2 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2025 жылдың қаңтар - маусым айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 316,1 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 118,9 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 100,3 % көбейді. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 247,4 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың қаңтар - маусым айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 1 991,0 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,7 %-ды) құрады,
2 715,8 тонна (110,6 %) - сүт өндірісі.
2 647,1 мың дана (92,2 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың маусым айында Ірі қара мал саны 155,9 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 170,1 % көбейді, қой мен ешкі саны 112,7 %, жылқы басы 115,4 % артты, құс басы 95,9 % құрады.
2025 жылдың маусым айында орташа еңбек ақы мөлшері 458 676 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,6 %-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 72 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 59.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың маусым айында
62 049 теңгені құрады.