Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Самар ауданының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2025 жылдағы 1 мамырға ауданның халық саны – 11 363 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар- мамыр айында нақты бағада 2 857,4 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 294,2 % құрады, тау-кен өнеркәсібі 314,8 %, өңдеуші өнеркәсібі 301,3 %, азық түлік өнімдерін өндіру 304,3 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2025 жылдың қаңтар - мамыр айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 3 036,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 149,4 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 105,8 % көбейді. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 050,2 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2025 жылдың қаңтар - мамыр айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 1 338,3 тонна (2024 жылдың сәйкес кезеңіне 103,3 %-ды) құрады,
1 571,1 тонна (108,5 %) - сүт өндірісі.
2 117,1 мың дана (90,2 %) – жұмыртқа.
2025 жылдың мамыр айында Ірі қара мал саны 154,7 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 157,0 % көбейді, қой мен ешкі саны 133,1 %, жылқы басы 130,6 % артты, құс басы 98,4 % құрады.
2025 жылдың мамыр айында орташа еңбек ақы мөлшері 458 676 теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,6 %-ға өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 69 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 56.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың сәуір айында
58 678 теңгені құрады.