Самар ауданының 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Самар ауданының 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы 5,5 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 11 364 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айында нақты бағада 7 343,0 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 114,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібі  114,2 %, өңдеуші  өнеркәсібі  95,5 %, азық түлік өнімдерін өндіру  87,5 % құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 14 496,3 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 384,8 % жоғарылады. Тұрғын үйді енгізу  өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 110,5 %  өсті.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 5 402,9 тонна (2023 жылдың сәйкес кезеңіне 100,3 %-ды) құрады.

6 209,7 тонна (131,0 %) - сүт өндірісі.

5 523,0 мың дана (93,0 %) – жұмыртқа.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айында Ірі қара мал саны  158,6 % өсті, оның ішінде сиырдың басы 157,0 % көбейді, қой мен ешкі саны 119,2 %, жылқы басы  104,4 % артты, құс  басы 98,4 %  құрады.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айында орташа еңбек ақы мөлшері 330 464 теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,1 %-ға төмендеді.

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны 63 бірлік құрады, жұмыс істейтіндер 49.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Самар ауданы бойынша 2025 жылдың қаңтар айында 54 624 теңгені құрады.