Жиі қойылатын сұрақтар

«Көпбалалы отбасының» мәртебесі өзі бойынша көмек алу үшін негіз болмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес мектеп киімі (киім, аяқ киім және жазу құралдары) бойынша көмек келесі санаттағы балаларға беріледі:

  1. Адресаттық әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;
  2. АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы тұрмыс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
  3. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  4. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен отбасылардың балалары;
  5. Мектептің қамқоршылық кеңесінің шешімімен мұқтаж деп танылған отбасылардың балалары (отбасының материалдық жағдайы бойынша акт негізінде).