Жалпы ақпарат

Тағанбеков Талғат Қабденұлы
«Берёзовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Әкімдік туралы
Берёзовка ауылдық округі (2019 жылға дейін Калинин ауылдық округі болған) 1986 жылы құрылған, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында, Глубокое аудан орталығынан 25 км және Өскемен қаласының облыс орталығынан 60 км жерде орналасқан.
Округтің аумағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен бірге 34428 га құрайды. Округ құрамына бір ауыл кіреді: Березовка.
«Берёзовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Берёзовка ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.