Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды салаларының бiрi, өйткенi ол тамақ өнiмдерiн негiзгi жеткiзушi болып табылады.
Ауыл шаруашылығы және АӨК құрылымында ерекше орын алады. Бұл, біріншіден, оның функционалды рөліне - тамақ өндірісіне байланысты. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өз өнімдерін тұтынатын немесе ауыл шаруашылығы тұтынатын өнімдерді өндіретін ондаған салалармен байланысты.
Березовка ауылдық округінде 440 үй шаруашылығының ішінде 167 үй шаруашылығында мал мен құс бар. 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша, жылына 2 рет өткізілетін аулаларды аралау деректері бойынша. Березовка ауылдық округінде жеке қосалқы шаруашылықтарда: ІҚМ 388 бас, оның ішінде 165 сиыр, ІҰМ 257 бас, 87 жылқы бар. Барлығы жеке меншіктегі жер 8456,71 га құрайды, оның ішінде егістік 6125,18 га, жайылым 1598,35 га, шабындық 629,17 га.