OTP (one time password) арқылы қызметтерді алу – ЭЦҚ қолданбай, бір реттік пароль арқылы қызметтерді алу. OTP арқылы қол қоюды таңдаған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетінде көрсетілген мобильді нөмірге қызметті алу кезінде енгізу қажет бір реттік парольмен СМС келіп түседі.