«ШҚО Алтай ауданы Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025-2027 жылдарға арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
Құрметті сайт қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға "ШҚО Алтай ауданы Серебрянск қаласы әкімінің аппараты" ММ – нің 2025-2027 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылған, онда қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:
- бюджет процесінің заңнамалық базасы;
- бюджеттік процестің сызбасы;
- кент бюджетін жоспарлау.
Бюджет процесінің заңнамалық базасы
Қала бюджеті жыл сайын 3 жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленеді.
Серебрянск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті:
Серебрянск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 298865,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 215649,0 мың теңге.
Бюджеттік процестің сызбасы
|
Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға 15 мамырға дейін бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсыну |
|
Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін бюджет жобасын бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қарауына 1 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну |
|
1 қарашадан кешіктірмей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджет жобасын ұсыну |
|
Аудандық бюджет бекітілгеннен кейін үш жылдық кезеңге арналған бюджетті 2 апта мерзімнен кешіктірмей мәслихаттың бекітуі |
ШҚО Алтай ауданы Серебрянск қаласының бюджетін жоспарлау
2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
|
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Түсімдер, оның ішінде: |
298865,0 |
385473,0 |
421757,0 |
|
Салықтық түсімдер |
82589,0 |
98325,0 |
109652,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
627,0 |
637,0 |
658,0 |
|
Трансферттердің түсімдері |
215649,0 |
286511,0 |
311447,0 |
|
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
0 |
0 |
0 |
|
Шығыстар |
298865,0 |
385473,0 |
421757,0 |
Түсімдер
Қала бюджетінің негізгі кіріс көздері: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер болып табылады, бұл 83216,0 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, 2025-2027 жылдарға аудандық бюджеттен 51288,0 мың теңге сомасында субвенциялар орнатылды.
Шығыстар
2025 жылға арналған шығыстар нақтыланды, 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер айқындалды.
ШҚО Алтай ауданы Серебрянск қаласының бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары
2025-2027 жылдарға арналған
мың тенге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Шығындар |
298865,0 |
385473,0 |
421757,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
123854,0 |
87434,0 |
87874,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
60691,0 |
89685,0 |
91433,0 |
|
Көлік және коммуникация |
114320,0 |
208354,0 |
242450,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Көшелерді жарықтандыруға, санитарияға, зиратты күтіп ұстауға, елді мекендерді абаттандыруға байланысты шығыстар.
мың тенге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар, барлығы |
30262,0 |
25101,0 |
26319,0 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру |
15000,0 |
23639,0 |
25387,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
10000,0 |
7234,0
|
7234,0 |
|
Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу |
691,0 |
732,0 |
732,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
35000,0 |
58080,0 |
58080,0 |
Көлік және коммуникация
2025 жылға арналған қала бюджетінде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 54320,0 мың теңге қарастырылған.
Мың.тенге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Көлік және коммуникация шығыстары, барлығы |
114320,0 |
208354,0 |
242450,0 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
54320,0 |
145354,0 |
179450,0 |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөндеуі |
60000,0 |
63000,0 |
63000,0 |