Зачаганск кентінің әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, 1.2-14-5(индексі).

Мемлекеттік орган

Орал қаласының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-3

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қосымша ақпарат

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

         Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.          Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

         Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

         Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

         Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

         Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

         Ескертпе Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік тілді енгізу, кент әкімімен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді аудару, аудармаларды редакциялау. Белгілі бір мерзім ішінде жазбаша және ауызша, қысқартылған немесе толық аудармаларды жүзеге асыру, мәтіннің бастапқы мазмұнымен толық лексикалық, стильді және мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету. Электрондық құжат айналымын жүзеге асыру. Кіріс және шығыс құжаттар журналын жүргізу. Кент әкімінің аппаратына түскен хаттарды бақылау. Азаматтардың жазбаша өтініштері мен өтініштерінің жауаптарын уақытылы қарау бойынша ұйымдастыру.

Мұрағат ісін жүргізу, құжаттарды мұрағатқа сақтауға беру. Істер номенклатурасының жүргізілуін бақылау.

Ақпараттық насихаттау топтарының жұмысын үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және №1-ОЛ статистикалық есебін уақытында тапсыру. Кент аумағында қоғамдық кеңес және жергілікті қоғамдастық отырыстарын өткізуді ұйымдастыру, хатшылық және хаттамаларды дайындау. Өз жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру және өзінің лауазымдық міндеттері шеңберінде туындайтын басқа да жұмыстарды орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін әкімнің және кент әкімі орынбасарларының ауызша бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2022 – 02.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолданғанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет))/ (при отправке электронного письма с интернет портала государственных органов максимально допустимый объем файлов не более 20 Мб, с внешней почты (mail.ru, gmail.com и др.) – не более 5 Мб))

Сұхбаттасу күні

08.11.2022

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон 8 (7112) 51-26-33, 87753008592