Орал қаласының қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту кезеңіне 18.01.2023 жылға дейін) , 1 бірлік, 1.2-08–9 (индексі).

Мемлекеттік орган

Орал қаласының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

         Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.          Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

         Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

         Кандидаттың  келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

         Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

         Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

         Ескертпе Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Функционалды міндеттер

ҚР заңнама актілеріне сәйкес облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлігін басқару,  оны қорғау  бойынша шаралар жүргізу,  мемлекеттік мүлікті нәтижелі  және орынды қолдану сұрақтары бойынша жұмыс атқару; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды орналастыру және Орал қаласының коммуналдық меншік объектілерін заңды және жеке тұлғаларға жалдауға (жалға алуға); коммуналдық мүлік объектілерін мүліктілік жалға беру келісім шарттарын даярлау; жалдық төлеу құнының мөлшерін есептеу және жалға беру келісім шарттарының мерзімдеріне сәйкес жалгерлер тарапынан жалдық төлемді бюджет есебіне толық және уақытылы аударылымын бақылау,  өсімақыны есептеу; облыстық маңызы бар қаланың заңды тұлғаларына бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді; мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық кәсіпорындардың  теңгерімінде тұрған мүліктерді  есептен шығару жөніндегі  құжаттарды қарау, мүлікті есептен шығарудың мақсатқа лайықтылығы немесе мақсатқа лайықсыздығы жөнінде ұсыныстарды дайындау; коммуналдық меншікті басқару бойынша қалалық әкімдікпен бекітілетін  нормативтік құжаттарды даярлауға қатысу; жалға берудің заңдылығын  және мүліктілік жалдың  шарттары  орындалуы сұрақтар бойынша  бірлескен рейдтерге қатысу; қажетті есептерді, мәліметтерді  жоғары тұрған және уәкілетті органдарға дайындау және ұсыну; азаматтардан және заңды тұлғалардан түскен жазбаша немесе ауызша өтініштерін  қарау, коммуналдық меншікті басқару мәселелері бойынша  түсіндірмелер  және кеңес беру. Еңбек тәртібін сақтауы. Есепке алынатын объектілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу, өзекті ету, мемлекеттік тізілімнен алып тастау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.08.2022 – 23.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон 8 (7112) 51-26-33, 87753008592