Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі, 1 бірлік, 1.2-03–9 (индексі).
Орал қаласының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің бар болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Графика
- Мүсін
- Сәулет
- Дизайн
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар онлайн режимінде қатысуы мүмкін.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және басшылық жасау. Қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету жұмыстарының кешені және оның орындалуын жүзеге асыру. Қаланы абаттандыруға қатысты орындалған жұмыс көлемін және актілерін тексеру және ұйымдастыру. Бөлім басшысының тұрғындар мен кәсіпорындар және ұйымдар арасындағы қатынасын, тұрғын үй құрылысы және ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарын, аймақты абаттандыру және санитарлық жағдайын, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың жиналысын ұйымдастыру. Уәкілетті ұйымдармен байланысты үйлестіру. Төтенше жағдайдағы азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бөлімдерімен бірлесе отырып жұмыстар атқару. Лауазымдық міндетіне сәйкес өз жұмысын жоспарлап ұйымдастыру, лауазымдық міндеттерінен туындайтын басқа да жұмыстар атқару. Бөлім басшысы және бөлім басшысының орынбасарларының Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін ауызша бұйрықтар мен тапсырмаларын орындау. Елді мекеннің бекітілген бас жоспарларын (қаланы абаттандыру бойынша жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қаланы абаттандыру жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, схемаларын) бекіту және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлім басшысының қызметін бағыттау, бөлім басшысының және бөлім басшысы орынбасарының бұйрықтарын орындау, ҚР Президентінің Заңдарын, Жарғыларын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, әкімдіктер қаулыларын, қала және облыс әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен арыз-өтініштері, шағымдары мен өзге де жүгінулерін қарау, жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.07.2022
- Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1
-
анықтама үшін телефон 8 (7112) 51-26-33, 87753008592