Руководитель отдела организационно-контрольной работы города Уральска, 1 единица, 00-1.5-1 (индекс).

Мемлекеттік орган

Орал қаласының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Ветеринария
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Қызмет көрсету (білім саласы)

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар онлайн режимінде қатысуы мүмкін.

Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің жұмысына жалпы басшылық жасау. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, өкімдерін және Үкіметі қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін, облыс және қала әкімдігі қаулыларын, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерді орындау және бақылау мәселелері жөніндегі жұмысын ұйымдастыру. Қала әкімдігі отырыстарын, қала әкімі қатысатын кеңестерді әзірлеуді және өткізуді өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Хаттамалық шараларды қамтамасыз ету мәселелері. Қала әкімімен өткізілетін жиналыстардың хаттамаларын жүргізу және бақылау мәселелері. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімдер мен кенттер және селолық округке әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қала әкімдігі мен қала әкімі қатынасатын мәжілістер мен  отырыстарына жұмыс материалдарын дайындау. Қала әкімінің есептік кездесуін ұйымдастыру және материалдар дайындау.  Заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен арыз-шағымдарын қарау. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды дайындау. Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына,  жергілікті атқарушы органдардың экономикалық қайта құруды іске асыру жөніндегі алып отырған шараларына мониторинг жүргізу және талдау жасау. Өз құзыреті шегінде есептер, ақпараттар мен анықтамаларды әзірлеу. Қала әкімі аппаратының кенттік (селолық) әкімі аппараттары мен құрылымдық бөлімдермен ақпараттық-талдау байланысын қамтамасыз ету. Әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық-саяси жағдай, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы бойынша тоқсан сайынғы жиынтық талдау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық -талдау материалдарын, анықтамалар мен мәліметтерді дайындау. Жетекшілік ететін кенттік (селолық) әкімі аппараттары мен құрылымдық бөлімдермен қатысуымен өтетін мәжілістер мен кеңестер, кездесулер және басқа да шаралар әзірлеу және өткізу кезінде хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Қала әкімдігінің Интернет-ресурсын сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар және құрылымдық бөлімшелердің Интернет-ресурстарын үйлестіру. Азаматтардан  қала әкімі блогы мен электрондық поштасына түскен өтініштерді мерзімінде қаралуына бақылау жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.07.2022 – 07.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.07.2022

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон  8(7112) 51-26-33, 87753008592