Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әкімшілік және құқықтық жұмыс секторының меңгерушісі 1 бірлік, индексі (01-6-1). «E-R-3» санаты
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Батыс Қазақстан облысы
106359 - 142815
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің бар болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқық
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу кезінде кандидат конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Басшылардың бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауға, шешімдерін жүзеге асыру. Бөлімнің кадрлық жұмысын ұйымдастыру, бақылау. Сектордың жұмысына жауапты болуға. Әкімдікке және маслихатқа бөлімге қатысты қаулылар мен шешімдерді заңға сәйкес дайындау. Қорғаншылық (қамқоршылықты) рәсімдеу және әкімдікке қаулыларды дайындап, дұрыстығы мен заңдылығына жауап беруге. Бөлімге қатысты қаулылармен, шешімдерді заңға сәйкес дайындап әкімдікке, мәслихатқа бекітуге ұсыну және заңдылығын қадағалап жауап беру. Азаматтарды кадр мәселелері бойынша және секторға қатысты сұрақтар бойынша қабылдап, кеңес беру. Түскен құжаттардың орындалу мерзімінің сақталуын бақылау. Барлық мекемелер алдында, сот алдында мекеменің атынан өкілетті өкілі болып мүддесін қорғауға. Өз құрамын кіретін комиссиялардың жұмысына қатысуға. Кәсіптік деңгейін, біліктілігін көтеруге. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша арыз-шағымдардың, орындалу мерзімін қадағалауға. Сектордың жұмыс жоспарын жасау, қадағалап отыру. ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзбауын қадағалау. Қарауындағы қызметшілердің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, қадағалау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.07.2021
- Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 161 үй,
-
Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 161 үй, анықтама үшін телефон: 8(7112) 93-35-70, факс 8(7112) 93-35-97