Орал қаласы Зашаған кенті әкімі аппараты абаттандыру бөлімінің басшысы, индексі ОБ-1
Орал қаласының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі мынадай талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
оғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық жасау және ұйымдастыру. ПИК жұмысын ұйымдастыру. Кентті абаттандыруды және оны іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенін орындау. Кентті көгалдандыру мен абаттандыруда орындалған жұмыстардың көлемі мен актілерін ұйымдастыру және тексеру. Азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс. Кент және халық ұйымдарымен және кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастық, коммуникациялық жүйелерді, үйлердің құрылысы мен жөндеуін, тұрғын үйлердің, ғимараттар мен көшелердің құрылысын, қалпына келтіру жұмыстарын және ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуді бақылау. Жолаушылар тасымалын, жердің пайдаланылуын, аумақтардың санитарлық жай-күйі мен абаттандырылуын бақылау, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жиналыстарын ұйымдастыру. Уәкілетті ұйымдармен (полиция, Орал қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, ПИК) жұмыстарды үйлестіру. Төтенше жағдайларда өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс бойынша жұмыс. Кент аумағында өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша деректер базасымен жұмысты үйлестіру, хаттамаларды ресімдеу. Кент аумағында сенбіліктер ұйымдастыру және өткізу. Абаттандыру және санитарлық жағдайды ұйымдастыру бойынша жұмыстар.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
uralsk.personal@bko.gov.kz
- 26.01.2024
- Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаева даңғылы 182/1
-
87112512633