Орал қалалық сайлау комиссиясы аудандық және учаскелік комиссиялардың төрағаларымен, хатшыларымен және мүшелерімен күнделікті жұмыс жүргізіп, ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндірмелер беріп, тапсырмалар беруде

Бүгін аудандық комиссия төрағалары мен хатшыларымен кезекті жиын өтті. Төрағаның орынбасары София Кинжигарева, Нариман Мутиев және қалалық сайлау комиссиясының басқа да мүшелері заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін қалай тіркеу керектігін жан-жақты түсіндірді. Тіркелген кандидаттардың әлеуметтік желілері де олардың үгіт-насихат жұмыстарын қадағалау үшін бақылауға алынды.
Өздеріңіз білетіндей, үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпан күні сағат 18.00-ден кейін ғана басталады. Осы уақытқа дейін кандидаттар, тіпті әлеуметтік желілердегі аккаунттарында да үгіт жүргізе алмайды.

Қызмет бағыты