Оралда республикалық ақындар айтысы өтті

Жарияланған күні: 30 қыркүйек 2020

Демалыс күндері Орал қаласында Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әлидің мерейтойына арналған «Жайықтың қос қыраны» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген от ауызды, орақ тілді 16 ақын қатысты. Карантин талаптарына байланысты айтыс көрерменсіз өтті.