Оралда «Мерейлі отбасы — 2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті
Байқау өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Оған барлығы 12 отбасы қатысты.
Кеше қаламыздың мәдениет және демалыс саябағында салтанатты марапаттау кеші оздырылды. Байқаудың бас жүлдесін Сүлеймендер отбасы иемденді. Ал I орынды Өтебаевтар отбасы жеңіп алды.
Аталған екі отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды. Шараға қатысқан барлық отбасыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.