Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов жаңадан салынып жатқан Ақжайық шағын ауданында болып, құрылыс нысандарын аралады
Ақжайық ауданында бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар арқылы 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл тағы 2 тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделген. Сондай-ақ шағын ауданда кварталішілік жол салынуда. 150 орынға арналған реабилитация орталығының ғимараты да бой көтеруде. 2023 жылы кәріз-сорғы станциясының және көтеру-сорғы станциясының құрылысын бастау жоспарланған.
Шаһар басшысы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандардың барлығына барып, проблемалық мәселелермен танысты. Мердігерлермен кездесіп, жұмыстардың уақытылы орындалуына кедергі болатын жағдайларды жан-жақты талқылады.
Айта кетейік, жалпы Ақжайық шағын ауданында 76 көппәтерлі тұрғын үй, 3 мектеп, 9 мектепке дейінгі ұйым, аурухана мен емханалар, сауда үйлері, мейрамханалар, қонақ үйі және өзге де нысандар салыну жоспарланған.