Орал қаласындағы коммуналдық қызмет күннің аязына қарамастан тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр
Орал қаласындағы коммуналдық қызмет күннің аязына қарамастан тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 22 836 текше метрден аса қар шығарылған.
Ал соңғы тәулікте 944 текше метр қар арнайы орындарға шығарылды.
Қазіргі таңда қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 360 жұмысшы, 120 техника жұмылдырылып, жұмыс жасауда.