Оралда «Жауынгерлік өнер түрлерінен» спорттық фестиваль ұйымдастырылды

Жарияланған күні: 23 желтоқсан 2022
Спорттық шара олимпиадалық емес спорт түрлерінен өтті. Қатысушылар барлығы 9 жауынгерлік спорт түрлерінен, яғни самбо, грепплинг, тай боксы, кекушинкай, карате шотокан, киокушинкай кан карате, ММА, таеквандо ИТФ және қазақ күресінен екі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
 
Орақ қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Жауынгерлік өнер» ассоциациясымен бірлесе ұйымдастыруымен өткен спорт кешінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Серік Оспанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Жарыста сынға түсіп, өзара мықтыны анықтаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.
 
Сонымен қатар, «Жауынгерлік өнер түрлерінен» шаһарымыздың атын шығарып, ел абыройын әлемдік деңгейде қорғап жүрген жас спортшыларға Орал қаласы әкімінің арнайы алғыс хат табыс етілді.