Орал қаласында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағында аялдамаларды, көпірлерді, жол жиектерін, жол белгілерін жуу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көше жолдарын қыру, сыпыру жұмыстары да жалғасуда. Сондай-ақ саябақтар, тынымбақтар секілді қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.