Бұрыңғы «Сауда-өндірістік коммерциялық банкі»

Дата публикации: 09 августа 2021

1896 жылы бой көтерген. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179 мекен- жайында орналасқан. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетші – Бунькин.

Революцияға дейін ғимарат сауда банкісінің қарамағында, сонымен қатар дүкендер үшін пайдаланылған.

Қазан революциясынан кейін мұнда жұмысшылар, жауынгерлер және шаруалар депутаттарының бірінші кеңесі орналасып, жұмыс жасаған. 1919 жылдан 1921 жылға дейін Орал облыстық революциялық комитеті орналасқан.

20-шы жылдары Орал губерниялық комсомол комитеті және Жасөспірімдер сарайы орналасты.

Қазіргі уақытта бұл ғимаратта Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен оның бөлімдері орналасқан. Бұрынғы сауда-өндірістік коммерциялық банкі, қазір облыстық әкімдігі ғимараты республикалық маңызы бар XIX ғ. тарихи, мәдени және архитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұр.