Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мониторингтік топтар рейд жұмыстарын күшейтті.

Жарияланған күні: 01 ақпан 2021

Батыс Қазақстан облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыстағы карантиндік талаптар күшейтіліп, мониторингтік топ жергілікті кәсіпкерлік нысандар мен халық көп шоғырланатын орындарға күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде.

Сенбі-жексенбі күндері қалада карантиндік тәртіп бұзған 20-дан астам нысан анықталды. Карантиндік талапты бұзған банкет залдары, букмекерлік кеңселер мен компьютерлік клубтарға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.