Орал қаласы Әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау бойынша комиссия
Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау бойынша комиссия (әрі қарай – Комиссия) – Орал қаласындағы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығы мен қараусыздығын алдын алу жүйесінің алқалық органы.
Жұмыс үшін негіздеме – Әкімдіктің және Орал қалалық маслихатының қаулысы, жылдық жұмыс жоспары.
Жұмыс жоспары – кәмелетке толмағандардың қоғамға қайшы әрекеттері мен құқықбұзушылықтары, олардың қараусыз, панасыз қалуын алдын алу саласындағы органдар мен ұйымдардың қызметін координациялау, осыған итермелеген себептерді анықтау және жою, өмірдің қиын кезеңіне тап болған кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-педагогикалық оңалтуды қоса, балалардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Комиссия төрағасы – қала әкімінің орынбасары Мирболат Сагынгалиевич Нуржанов.
Комиссия мүшелері - депутаттар, қалалық құқыққорғау органдарының өкілдері, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық жағдайды тіркеу актілері, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, «Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы» қалалық білім беру және мамандандырылған техникалық білім беру бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар, мәдени-ағарту бірлестіктері, дәрігерлер.
Байланыс телефондары: (87112)500789, (87112)510465.