2021 жылы 700 ге тарта ірі мәдени шаралар ұйымдастырылып, 160 000 адам қамтылды.
2021 жыл – халқымыз үшін тарихи маңызды жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығынатап өттік. Осыған орай барлық шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мерекенің тарихи мән-маңызын ашуға бағытталып ұйымдастырылуда.
Мәдени-ағарту бірлестігінің Гагарин атындағы балалар кинотеатры жанынан қоғамдық киноклуб құрылды. Бүгінде жиырмаға жуық жас киноклубқа мүшелік етеді. Киноклуб мүшелерінің ұсынысымен «Менің бала қиялым» деген атаумен облыстық балалар анимациялық фильмдер байқауы ұйымдастырылды. Өңірімізде алғаш рет «JaiyqFilmFest» қысқаметражды фильмдер фестивалі жоғарғы деңгейде өткізілді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 70-ке тарта жас және кәсіби кинематографистер қатысты.
Аталған мерейтой аясында Мәдени-ағарту бірлестігі жанынан «Менің аулам, менің бағым» жобасы аясында “Арай” комьюнити орталығы жанынан бау-бақша лагері,«Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры құрылды.
Жастар мәдениет үйі МКҚК жанынан «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театры құрылды.
Сондай-ақ «Атамекен»,«Балауса» БАК ағымдағы жөндеуден өткізіліп комьюнити орталығы ретінде қайта жасақталды. Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына орай ұлттық ән өнерін дәріптеуге бағытталған «Мұхит класы» ашылды.
Орал қаласы әкімідігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай шаһарымыздың тарихынан сыр шертетін «Орал қаласының тарихы» атты интерактивті кітабы дайындалды.
2021 жылы Мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлер дирекциясы құрылып құрамына қаладағы скверлер мен саябақтар енді. Саябақтардағы жасыл желектер мен ағаштардың дендрологиялық паспорты жасалды. Жаңа теректер отырғызылып, ойын алаңдары жаңартылды, жаяу жүргіншілерге арналған эко соқпақ жасалды, жаңа электр трансформаторы қойылып, қоқыс қалдықтарын сұрыптайтын жәшіктер орналастырылды. Саябаққа келген демалушылардың уақытын тиімді өткізу мақсатында «Bookcrossing» кітап оқуға арналған орын, шахмат және шашка ойындарына арналған орындар ашылды.
Орал қаласының ономастикалық нысандарының тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша 11 көше атауы республикалық ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Биылғы жылы танымал Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Ғұмар Қараштардың ұранды сөздері жазылып суреттері бейнеленген пилондар орнатылды.
Көрнекі ақпараттағы қателер бойынша қырыққа жуық хат жолданып, сексеннен астам жарнама үлгілерінің мәтіндері түзетіліп, бекітілді. 300-ге тарта кәсіпкерлік нысандарына телефон арқылы әдістемелік көмек көрсетілді. Кәсіпкерлер назарына заңды әрі дұрыс жарнама жүргізу бойынша екі тілде роликтер дайындалды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында «Ана тілім – арым», «Тіл- тұтастық туы», «Мемлекеттік тіл-менің тілім» байқаулары жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. «Тіл әлемі» жобасы аясында туған өлкенің тіл жанашырларымен «Сіз не дейсіз?» атты тікелей эфирі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Мектеп оқушылары мен олардың ата- аналарына арналған «Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасы енгізілді. Жоба аясында мектепке дейінгі мекемелердің жоғары топ ата-аналарымен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар өткен айда жолаушы тасымалдаушы компаниялардың басшыларымен қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша мәселелер талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді. Сонымен қатар аялдама атауларын ретке келтіру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып қаладағы бірқатар аялдама атаулары жөнге келтірілді.
2022 жылға жоспарланған жұмыстар:
- 2021 жылы ЖСҚ дайындалған Жастар мәдениет үйі, Деркөл МДО ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу. Қалалық көрме залына, аула клубтары мен кітапханаларға, Жас ұрпақ әлеуметтік даму орталығына ағымдағы жөндеу жүргізу.
-Зашаған кентінен мәдениет үйін ашу, Гагарин кинотеатрын сенімгерлік басқаруға беру арқылы жұмысын жандандыру.
-Материалдық базаны нығайту (Үлкен мобильді сахна, Дыбыс күшейткіш аппараттар, сахналық жарықтандыру аппараттары, ЛЭД экран аппаратураларын алу, орыс халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, скрипкашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, «Ғасыр жастары» қоғамдық театры, «Алаш» этно-фольклорлық ансамблдерін жаңа аспаптармен жабдықтау және сахналық киімдер тігу.)