Орал қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат

Көру саны:4
2026 жылдың 1 қарашасына қаладағы есепті деректер бойынша 35 632 шағын және орта кәсіпкерлік(әрі қарай-ШОК) субъектісі тіркелген (соның ішінде: (7 361 заңды тұлға, 28 271 жеке кәсіпкерлер), өткен жылдың осы кезеңіне 87,6% құрайды.
Тіркелген ШОК субъектілері ішінде 31 733 (5 555 заңды тұлға, 26 178 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 89,1% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 85,9%-ды құрайды.
Салалар бойынша ШОБ құрылымында жұмыс істейтін субъектілердің ең көп үлесі көтерме және бөлшек саудада – 46%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 0,1%, құрылыста – 6%, өнеркәсіпте – 0,6%, көлік және байланыста – 8,5%, қонақ үйлер мен мейрамханалар, дәмханалар – 1,6% және басқа да қызмет түрлерін көрсету – 37,2%.
2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны 78 940 адамды құрайды, 2025 жылдың 1 сәуіріне 99,5%.
ШОК субъектілерімен 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 573 263,7 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2025 жылдың осы кезеңіне 110% құрайды.
2026 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен республикалық бюджетке төленген салық көлемі 72 197,2 млн.теңге, жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 50 233,8 млн.теңге.
Бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай кешенді бағдарламасы аясында 2026 жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес, Орал қаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі шеңберінде жалпы сомасы 599 млн. теңге болатын 16 жоба мақұлданды, кредиттерді ішінара кепілдендіру аясында 2 847,0 млн. теңге несие сомасына (2 116,8 млн.теңге кепілдік сомасы) 18 шартқа қол қойылды.
Инвестиция тарту
Ағымдағы жылдың қаңтар–қазан айларында қаламыздың негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,2%-ға артып, 141,2 млрд. теңгені, соның ішінде, жеке инвестициялардың үлесі 81,4 млрд. теңгені құрады (бұл негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялардың 57,7%-ын құрайды).
2026 жылы 36 млрд. теңгеге 260 жаңа жұмыс орнын құрумен 8 жобаны іске асырылды.
Оның ішінде: Өндіріс -1, саудада – 4, туризм – 1, ауыл шаруашылығында – 1 және қызмет көрсету саласында - 1 жоба бар.
Оның ішінде «QAZEXPOCENTRE - PIPE» ЖШС-нің «Жаңа құю құбырларын, құбыр арматурасын өндіру және жабын жағу бойынша өндірістік цех құру арқылы қызмет аясын кеңейту» жобасы бар.
Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларына сәйкес, Орал қаласы бойынша 2024-2026 жылдары 16 инвестициялық жоба айқындалды:
- «Hyundai Solar KZ 777» ЖШС – «Қоқысты қайта өңдеу кешені» жобасы (50 жұмыс орны, 81,4 млрд.тг);
- «СБС Батыс кұрылыс» ЖШС - «Орал қаласының аумағында 900 орындық орта мектеп құрылысы» жобасы (75 жұмыс орны, 3,9 млрд.тг);
- «М-4» ЖШС - «Жиһаз өндіретін цех құрылысы» (16 жұмыс орны, 592 млн.тг);
- «ПСП-Серік» ЖШС - «Орал қаласы «Самал» шағын ауданында жағалауды нығайту және су тарту құрылыстарын, пирстерді салу және жағажайларды ұйымдастыру» жобасы (93 жұмыс орны, 2,8 млрд.тг);
- «Qurylys Development» ЖШС - «Орал қаласының аумағында 400 орындық орта мектеп құрылысы» жобасы (45 жұмыс орны, 2,3 млрд.тг);
- «Pana Oral» ЖШС - «Орал қаласында көпфункционалды қонақ үй кешенінің құрылысы» жобасы (63 жұмыс орны, 2,15 млрд. тг).
- «БатысСервисПлюс» ЖШС – «Орал қаласында заманауи жабдықталған сауда және көлік-логистикалық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы (39 жұмыс орны, 6,0 млрд. тг);
- «БАКТЫГАЛИ-Д» ЖШС - «Баршаға тең қолжетімді спорт және би кешенін салу және іске қосу –«AQJAIYQ STEP» жобасы (51 жұмыс орны, 0,7 млрд. тг);
- «KORWasteManagement» ЖШС – «жылына 100 000 тонна қуаттылығымен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу» жобасы (100 жұмыс орны, 12,6 млрд. тг);
- «Алаш метан» ЖШС – «Орал қаласында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенін салу және пайдалану» - жобасы (10 жұмыс орны, 600 млн. тг);
- «БатысАвтоСервис» ЖШС –- «Көлік-логистикалық орталығын құру (қонақ үй, кемпинг, тұрақ, жөндеу цехы, жемістер мен көкөністер сақтайтын қойма)» - жобасы (15 жұмыс орны, 970 млн. тг)
- «JINONE EXCELLENCE INVESTMENT» ЖШС – «Евразия» индустриалды - логистикалық хабы» жобасы (100 жұмыс орны, 23,6 млрд. тг);
-«Фирма «Градиент» ЖШС – «Орал қаласында 12 000 тонналық май зауытының құрылысы және пайдаланылуы» ( 60 жұмыс орны, 650 млн. тг);
- «AlimConstractLTD» ЖШС – «Орал қаласы, Самал көшесі №88 үй ауданында жеке мектеп құрылысы» (60 жұмыс орны, 650 млн. тг);
- «BAITEREK Construction.LLP» ЖШС – «Орал қаласы, Самал көшесі №88 үй ауданында жеке мектеп құрылысы» (8 жұмыс орны, 655 млн. тг);
- «Metan Gas» ЖШС – Орал қаласы, Деркул аул., айналма жол (11 жұмыс орны, 1000 млн. тг).
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар - мамыр айларында кәсіпкерлік субъектілерімен 200-ден аса сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) алынған. Бүгінгі күнге, осы сәулет – жоспарлау тапсырмаларына талдау жүргізілуде. Ішінде қоймалар, дүкен, автожөндеу бекеттері, қоғамдық тамақтану орындары, т.б. кәсіпкерлік нысандарының жобалары бар. Жобалар инвестициялық жобалар тізіміне енгізілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, тауарөндірушілерге өз тауарларын тұтынушыға өзіндік құнымен тікелей ұсынуға мүмкіндік жасау мақсатында наурыз-маусым айларында 26 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкеге барлық аудандар, сондай-ақ қала маңының 60-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін саттыққа шығарып қатысты.
Өткізілген 53 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша (24 - М.Ықсанов көшесінде, 3 - «Депо» базары аумағында, 26 - Зачаганск кентіндегі) 126,8 тонна ет, 8 тонна балық, 300 тонна көкөніс-бақша өнімдері, 9,9 тонна сүт өнімдері, 8,7 тонна шұжық өнімдері, 12,1 тонна макарон өнімдері, 4,1 тонна кондитерлік өнімдер, 483 мың. дана жұмыртқа сатылды.
Наубайханалармен жасалған меморандум және жеңілдетілген бағамен берілген 1-сұрыпты ұн нәтижесінде 1-ші сұрыпты нан бағасы 90 теңгеден сатылады.
Бөлім апта сайын қаламыздың сауда үйлері, базарлары мен супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді.
Сауда базарларын жаңғырту
Сауда секторын дамыту мақсатында 2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту жөніндегі бағдарлама қабылданды. Оның шеңберінде, сауда базарларын жаңғырту жөніндегі бастама құрылды.
Базарларды жаңғыртудың бастапқы мерзімі 2015 жылы болып белгіленді. Алайда базарларды жаңғыртуды жүргізу кезінде базар иелерінің қаржы қаражатының, ЕДБ жоғары пайыздық мөлшерлемелерінің болуына, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының болмауына (пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау) байланысты проблемалық мәселелер туындады.
Осы және өзге де мәселелер ескеріліп, базарларды жаңғырту мерзімдері 2023 жылдан 2025 жылға, кейіннен 2026 жылға дейін Заңнама аясында ұзартылды.
Орал қаласында ресми түрде 18 сауда базары жұмыс істейді. Оның ішінде 8 базар әмбебап, 10 базар мамандандырылған. 2023 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің м.а. С.М. Жұманғариннің бекіткен Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес Орал қаласы бойынша 14 сауда базары жаңғыртылуға жатады.
Жаңғыртылуға жататын базар иелеріне «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасы» арнайы таныстырылып, жаңғырту жүргізу мерзімдері келісілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы
Орал қаласының жер балансына сәйкес барлық категориядағы ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі (егістік, жайылым, шабындық, бос жерлер, бау-бақша, көп жылдық екпе жерлер, басқа жерлер) 48,5 мың га құрайды (егістік – 23,4 мың га, шабындық – 2,2 мың га, жайылым – 9,6 мың га, бақша дақылдары – 0,1 мың га, бос жерлер – 3,4 мың га, көп жылдық екпелер – 1 мың га, басқалай жерлер – 8,8 мың га).
Анықтама: Деркул – 20,8 мың га, Зачаганск кенті – 4,5 мың га, Круглоозерное кенті – 18 мың га.
Орал қаласында 54 ауылшаруашылық субъектілері бар (1 - мемлекеттік мекеме (сорт сынау бойынша инспектура), 19 - ЖШС, 24 - ШҚ және 7 - ЖК, 3 - ауылшаруашылығы кооперативі).
2026 жылдың қаңтар - қазан айына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 7 655,9 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 104% (өсімдік шаруашылығындағы өнімін өндіру – 2567,3 млн. теңге, мал шаруашылығы – 5072,8 млн. теңге).
Шаруалармен игерілген барлық ауылшаруашылығы дақылдарының алқабы 17287,88 га құрады.
Анықтама: 2945 га жаздық бидай, 1793 га арпа, 170 га тары, 158 га сұлы, 7 га ноқат, 195,28 га жасымық, 4430,6 га мақсары, 19 га күнбағыс, 6 га картоп, 146 га көкөніс-бақша дақылы, 846 га біржылдық шөптер (өткен жылғы көпжылдық мал азықтық дақылдар 7099 га құрайды).
2025 жылы 2026 жылдың өніміне 2866 га күздік дақылдар себілді (2434 га күздік бидай, 327 га күздік тритикале, 105 га күздік қарабидай).
Бүгінгі таңда орташа өнімділігі 25 ц/га болатын 2731 га күздік дәнді дақылдардан 6847,7 тонна өнім жиналды.
5295,28 га жаздық дәнді дақылдардан 7407,6 тонна өнім (орташа өнімділік – 15,2 ц/га), 4043 га майлы дақылдардан 1864,3 тонна (орташа өнімділік – 4,6 ц/га), 6 га картоп дақылынан 85 тонна (орташа өнімділік – 141,7 ц/га), ал 146 га көкөніс-бақша дақылдарынан 3548,1 тонна өнім жиналды (орташа өнімділік – 243 ц/га).
Анықтама: Маусымның әртүрлі кезеңіне байланысты 903,6 га дәнді дақылдар егісі (соның ішінде 412 га жаздық, 85 га күздік және 406,6 га майлы дақылдар егісі) есептен шығарылды.
2026 жылы 2027 жылдың өніміне 1560 га күздік дақылдар себілді. (1495 га күздік бидай, 65 га күздік тритикале).
2026 жылы ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне көктемгі далалық жұмыстарға 261,5 тонна жанар-жағармай бөлініп, «NEFTEK Operating» ЖШС оператор болып белгіленді. Арзаңдатылған жанар-жағармай бағасы - 270 теңге.
Күзгі далалық жұмыстарға 487,9 тонна жанар-жағармай бөлініп, оператор ретінде «NEFTEK Operating» ЖШС белгіленіп, арзандатылған жанар-жағармай бағасы 275,5 теңге болып бекітілді.
Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында екінші дақыл айналымда жалпы көлемі 77,4 мың шаршы метр болатын 3 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Бөлімде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, жергілікті өндіруші кәсіпкерлерді қолдау мен тұрғындардың маусымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, зауыттық қаптамада балмұздақ, алкогольсіз сусындар сату орындары, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін және қауын-қарбыз сату орындары, көшеттерді сату орындары бекітіліп, кәспікерлердің сауда жүргізуіне жағдай жасалды.
Халықпен кері байланыс орнату мақсатында инстаграм желісінде Бөлімнің жеке парақшасы бар. Бүгінгі күнге жаңалықтар, кәсіпкерлік қолдау шаралары мен т.б. бағыттағы 1348 жарияланым жасалды.
Бұған қоса, Бөлімде арнайы техникаларды мемлекеттік тіркеу, тіркеуден шығару, кепілге қою, жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу, тракторист – машинист куәліктерін беру бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні, барлығы 1196 мемлекеттік қызмет көрсетілді (тіркеу/тіркеуден шығару – 847, кепіл – 43, тех. байқау – 75, тракторист куәлігі – 231).