ЖАДЫНАМА Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну міндеті жүктелген мәслихат депутаттығына кандидаттарға арналған
Көру саны:1
ЖАДЫНАМА
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну міндеті жүктелген мәслихат депутаттығына кандидаттарға арналған
Мәслихат депутаттығына кандидаттар және олардың жұбайлары (бұдан әрі – Кандидат) кандидат ретінде тіркелгенге дейін тұрғылықты (болатын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады (кандидаттыққа ұсыну мерзімі – 2026 жылғы 14–27 қазан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер:
• Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құзыретті органда құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік:
– жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» санатындағы кемелер;
– көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
– шетелдік банктік шоттардағы жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен асатын ақша;
• Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жердегі мүлік пен міндеттемелер:
– тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
– Қазақстаннан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;
– бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
– цифрлық активтер;
– инвестициялық алтын;
– зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
– 10 000 АЕК шегіндегі қолма-қол ақша;
– шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
– құны 1000 АЕК-тен асатын өзге мүлік (қалауы бойынша, бағалау құны болған жағдайда);
– мынадай құжаттармен расталған дебиторлық/кредиторлық берешек:
– жеке тұлғалар арасындағы берешек бойынша нотариат куәландырған шарт;
– жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес болып табылатын тұлға арасындағы азаматтық-құқықтық шарт және салыстыру актісі;
– заңды күшіне енген сот шешімі.
Декларацияны толтырмас бұрын тиісті растаушы құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады:
– декларацияны ұсыну мерзімінен кешіктірмей, бір данасының құны 1000 АЕК-тен асатын өзге мүлікті (қалауы бойынша) тәуелсіз бағалаушыға бағалату;
– декларация жасалған күндегі жеке тұлғалар арасындағы дебиторлық және кредиторлық берешекті, сондай-ақ оның тоқтатылуын/орындалуын нотариуста куәландыру (декларацияда банктік қарыз шарттары көрсетілмейді).
Анықтама: мынадай дебиторлық және кредиторлық берешекті нотариатта куәландыру талап етілмейді:
– салыстыру актісі және азаматтық-құқықтық шарт болған жағдайда жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес тұлға арасындағы берешек;
– заңды күшіне енген сот шешімімен расталған берешек.
МАҢЫЗДЫ!!!
Декларацияны толтырғанға дейін декларациялауға жататын мәліметтердің дұрыстығын мына сайттар арқылы өз бетінше тексеру қажет:
1) бағалы қағаздар бойынша: https://sso.kcsd.kz;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс істері комитетіне Е-Өтініш арқылы сұрау салу жіберу;
3) зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері бойынша: https://gosreestr.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/ru/services/presale/P3004 (жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы мәліметтер беру), https://egov.kz/ru/services/presale/3061 (жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама, 6-нысан);
5) дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы бойынша (нотариат куәландырған қарыз шарты) Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу.
Мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда тікелей мына ұйымдарға жүгіну қажет:
– бағалы қағаздар бойынша – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ;
– үлестік қатысу бойынша – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
– авторлық құқық бойынша – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК;
– сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, 1414;
– қарыз шарттары бойынша – Республикалық нотариаттық палата.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
• Электрондық түрде:
– Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» веб-порталы арқылы (ИС ИСНА): https://knp.kgd.gov.kz/signin;
• Қағаз жеткізгіште, жеке келу арқылы немесе пошта арқылы:
– мемлекеттік кірістер органдарына;
– халыққа қызмет көрсету орталығына;
– тапсырысты хатпен пошта арқылы.
Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 байланыс орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.
27 қазан 2026
27 қазан 2026